Тухель Англияның Аргентинадан жеңілу себебін түсіндірді

Фото: EFA
Англия құрамасының бас бапкері Томас Тухель 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Аргентинадан (1:2) жеңілген ойынға пікір білдірді.
Неміс маманы ағылшын құрамасының жеңіліс себептерін түсіндірді.
«Біз көңіліміз түсіп тұр. Біз жеңіске өте жақын болдық, бірақ гол соққаннан кейін тым пассивті ойнай бастадық және қарсыласқа көп мүмкіндік беріп қойдық. Біз допқа бақылауды қайтара алмадық, қарсыласқа көп навес, соққы және қауіпті шабуыл жасауға жол бердік. Біз табысқа жақын едік, бірақ өз голымыздан кейін ойынымыздың деңгейін сақтай алмадық.
Олар әуедегі доптардың көбін ұтып алды және үнемі айып алаңына доп асырды. Сондықтан біз орталық аймақтарды жабу және әуеде сенімдірек ойнау үшін бес қорғаушысы бар схемаға көштік.
Біздің голдан кейін, ешқандай ауысым жасамай тұрып-ақ, қарсыласқа тым көп мүмкіндік бердік. Біз қайтарым доптарды ұта алмадық және допты ұстап тұра алмадық, сондықтан мәселе тактикада емес еді. Біздің голдан кейін ойын толықтай өзгеріп кетті», – деді Тухель.
Енді Англия құрамасы үшінші орын үшін Францияға қарсы ойнайды. Кездесу 19 шілдеде Қазақстан уақыты бойынша 02:00-де өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін Англия құрамасы L тобында бірінші орынмен шыққан. Плей-офф кезеңінде команда ДР Конгоны (2:1), Мексиканы (3:2) және Норвегияны (2:1) жеңді. Құраманың үздік бомбардирлері жартылай қорғаушы Джуд Беллингем мен шабуылшы Харри Кейн. Олар жеті матчта алты голдан соғып, бір нәтижелі пас берген.
Ал Аргентина құрамасын финалда Испания күтіп тұр. Матч 20 шілдеде түнгі сағат 00:00-де басталады.