Басты бет
·
MMA/UFC

UFC алғаш рет Орландода нөмірлік турнир өткізеді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: UFC

Фото: UFC

UFC ұйымы 2027 жылдың 20 ақпанында АҚШ-тың Орландо қаласында UFC 337 турнирі өтетінін ресми түрде жариялады.

Жарыс «Киа-Центр» аренасында ұйымдастырылады. Бұл туралы промоушен 15 қарашада өткен UFC 334 турнирі кезінде хабарлады.

UFC 337 келесі жылы өтетін екінші нөмірлік турнир болмақ. Ал алғашқысы UFC 336 30 қаңтарда Канаданың Торонто қаласында ұйымдастырылады.

Әзірге UFC 337 турнирінің басты жекпе-жегі мен қатысушылар тізімі жарияланған жоқ.

Орландо қаласы UFC жарыстарын бесінші рет қабылдайды. Алайда мұнда алғаш рет нөмірлік турнир өтеді. Бұған дейінгі төрт жарыстың барлығы қазіргі «Киа-Центр» аренасында ұйымдастырылған. Ол бұрын «Амвей-Центр» деп аталған.

UFC Орландода алғаш рет 2014 жылдың сәуірінде UFC on FOX 11 турнирін өткізді. Кейін 2015 жылдың желтоқсанында UFC on FOX 17, 2018 жылдың ақпанында UFC on FOX 28 жарыстары ұйымдастырылды.

Промоушеннің бұл қаладағы соңғы турнирі 2022 жылдың желтоқсанында өткен UFC on ESPN 42 болды.