UFC-дің бұрынғы чемпионы өмірден озған 15 айлық ұлын еске алды

UFC
UFC ұйымының бұрынғы чемпионы, камерундық Фрэнсис Нганну 2024 жылы өмірден өткен 15 айлық ұлы Кобиді еске алды.
«Мен оны соңғы рет көргенде, пәтерден лифтке қарай шығып бара жатқанмын. Інім оны қолына ұстап тұрған, ал ол менің кетуімді қаламай жылап тұрды. Бірақ мен қайта ораламын деп ойладым. Барлығы жақсы болады деп сендім. Мұндай сәттерді адам қалыпты нәрсе ретінде қабылдайды. Ал барлығы болып қойғаннан кейін кенеттен: “Мен қайда кетіп бара жатырмын өзі?” деп ойлай бастадым.
Сол сәтте: “Мен қайтуым керек. Мүмкін рейсті ауыстырамын? Бәлкім, тағы бір-екі күнге қалуым керек пе еді?” деген ой келді. Сонда адам қазіргі маңызды болып көрінетін көптеген нәрсенің шын мәнінде соншалық маңызды емес екенін түсінеді. Бұл — менің өмірімдегі ең ауыр кезең болды. Оның мені де, болашағымды да өзгерткенін білемін», — деді Нганну Даниэль Кормьеге берген сұхбатында.
Фрэнсис Нганну соңғы рет октагонға 2024 жылдың қазан айында Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен PFL: Battle of the Giants турнирінде шыққан еді. Ол бірінші раундта Ренан Феррейраны нокаутпен жеңді. Қазіргі таңда Нганнудың кәсіби рекордында 18 жеңіс пен үш жеңіліс бар.