Кайо Борральо Чимаевтің UFC-дегі жартылай ауыр салмақтағы мүмкіндігін бағалады
Бөлісу

UFC
UFC ұйымының бразилиялық файтері Кайо Борральо орта салмақтағы экс-чемпион Хамзат Чимаевтің жартылай ауыр салмақтағы (93 келіге дейін) болашағына қатысты пікір білдірді.
«Чимаев жартылай ауыр салмақта чемпион бола алады. Ол Дрикус дю Плессиге еш мүмкіндік бермей жеңіске жетті! Ал жартылай ауыр салмақта мықты балуандар жоқ», — деді Борральо Submission Radio YouTube-арнасына берген сұхбатында.
Хамзат Чимаев қазір 32 жаста. Шешен Республикасында дүниеге келген файтер UFC-дегі дебютін 2020 жылы өткізді. 2025 жылы ол орта салмақта UFC чемпионы атағына қол жеткізді.
Қазіргі таңда әлемнің ең беделді ММА ұйымындағы рекорды тоғыз жеңіс және бір жеңілістен тұрады.