UFC ұйымының екі салмақтағы бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор тізесіне жасалған операцияның сәтті өткенін хабарлады.

Бегасыл Амирбай ··
Фото: UFC

Фото: UFC

Макгрегор операция туралы өзінің әлеуметтік желілерінде жазып, октагонға мүмкіндігінше тезірек оралуды көздеп отырғанын айтты.

«Операция өтті. Тізем қалпына келді. Күмәнданғандар сөйлей берсін. Мен ауырсынудан қашқан жоқпын. Мен оған қарсы бардым. Енді нағыз жұмыс басталады. Қайта оралу маусымы дәл қазір басталады. Ешқандай айналма жол жоқ. Ешқандай сылтау жоқ. Тек қайта тұруға деген жігер ғана бар», – деп жазды ирландиялық файтер.

Еске салайық, Макгрегор тізе жарақатын шілде айында UFC 329 турнирінде Макс Холлоуэйге қарсы жекпе-жекте алған болатын. Кездесудің алғашқы секундтарында ол секіріп тепкен соққы жасау кезінде сәтсіз қонып, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Төреші 69-секундта жекпе-жекті тоқтатып, Холлоуэйдің техникалық нокаутпен жеңіске жеткенін тіркеді.