Конор Макгрегор UFC-дегі соңғы жекпе-жегінің уақытын жариялады

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

UFC ұйымының екі салмақтағы бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор октагонға қашан оралатынын айтты.

Ирландиялық файтердің сөзінше, ол UFC-дің Халықаралық жекпе-жек апталығы аясында 2027 жылы ұйымдағы соңғы кездесуін өткізуді жоспарлап отыр.

Әлеуметтік желідегі жазбасында Макгрегор бұл жекпе-жекті ұйымдағы мансабының аяқталуы ретінде қарастырып отырғанын аңғартты.

«Ғасыр жекпе-жегі болады деген кездесу енді жаңа бастауға айналады. Халықаралық жекпе-жек апталығы – 2027. Соңғы би», – деп жазды ирландиялық спортшы.

Қазіргі таңда Макгрегордың октагонға оралуы ауыр жарақатына байланысты кейінге шегерілген. Ол бұрынғы UFC чемпионы Макс Холлоуэйге қарсы жекпе-жекте жарақат алған. Кездесу басталғаннан кейін небәрі 65 секунд өткенде ирландиялық тізесін жарақаттап, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Нәтижесінде Холлоуэй техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Кейін UFC президенті Дэйна Уайт тексеріс қорытындысы бойынша Макгрегордың алдыңғы айқаспа байламы жыртылғанын мәлімдеді. Енді спортшыға ота жасалып, ұзақ оңалту кезеңінен өтуі қажет. Қалпына келу уақыты шамамен бір жылға созылады, сондықтан жақын уақытта ирландиялықтың жекпе-жекке шығуы екіталай.

Жеңілістен кейін Макгрегор ота жасататынын айтып, жекпе-жекті өтпеді деп тану керек деген пікір білдірді. Алайда UFC бұл мәселеге қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Айта кетейік, бұл Макгрегор мансабындағы алғашқы ауыр жарақат емес. 2021 жылдың жазында Дастин Порьемен үшінші жекпе-жекте ол аяғын сындырып, ұзақ уақытқа қатардан шыққан болатын. Қазіргі таңда Конор Макгрегордың кәсіби рекорды – 22 жеңіс және 7 жеңіліс.

Конор Макгрегор UFC-дегі соңғы жекпе-жегінің уақытын жариялады – sport-hub