Басты бет
·
MMA/UFC

UFC Волкановскидің ықтимал қарсыластарын атады

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC

Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC

Австралиялық UFC чемпионы Александр Волкановскидің келесі қарсыластарының тізімін бразилиялық Жан Силва бастап тұр.

UFC промоушені Polymarket болжам платформасымен бірлесіп жариялаған инфографикаға сәйкес, Силваның Волкановскимен жекпе-жек өткізу ықтималдығы 28 пайызды құраған. Екінші орында бұрынғы UFC чемпионы Алджамейн Стерлинг (27%), ал үшінші сатыда британдық Лерон Мёрфи (16%) орналасқан.

Айта кетейік, Волкановски UFC 333 турнирінде чемпиондық белбеуін сәтті қорғады. Абу-Дабиде өткен басты жекпе-жекте ол ресейлік Мовсар Евлоевты екінші раундтың аяқталуына алты секунд қалғанда техникалық нокаутпен жеңген. Бұл Евлоевтың мансабындағы алғашқы жеңілісі болды. Ал Волкановски чемпиондық атағын сақтап қалды.