Ван Дейк «Ливерпульден» кетуі мүмкін екенін айтты

Фото: Getty Images
«Ливерпуль» капитаны Вирджил ван Дейк қазіргі келісімшарты аяқталғаннан кейін басқа клубқа ауысуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
Нидерландтық қорғаушы Sky Sports басылымына берген сұхбатында болашағына қатысты белгісіздік өзін алаңдатпайтынын жеткізді.
«Мен ешқандай уайымдап жүрген жоқпын. Футбол ойнауды әрі өз ісімді жалғастырғым келеді. Бұл маусымның қалай аяқталатынын көрейік. Қазір бәрі көңілімнен шығып жүр. Егер осылай жалғаса берсе, жақсы. Ал жағдай өзгерсе, басқа жаққа кетемін», – деді ван Дейк.
Футболшы жаңа келісімшартқа қатысты әзірге нақты жаңалық жоқ екенін де айтты.
Айта кетейік, ван Дейктің «Ливерпульмен» қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды.
Сонымен қатар қорғаушы жарақатына байланысты Нидерланд құрамасының Ұлттар лигасындағы алдағы матчтарына қатыса алмайды.