Ван Дейк Өзбекстанмен өткен матчтан кейін Каннавароға жейдесін сыйлады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: KNVB Media

Фото: KNVB Media

Нидерланд құрамасының капитаны Вирджил Ван Дейк Өзбекстанға қарсы жолдастық кездесуден кейін (2:1) қарсылас команданың бас бапкері Фабио Каннаваромен кездесіп, оған естелік сыйлық табыстады.

«Ливерпуль» клубының қорғаушысы Нью-Йорктегі стадионның ішкі бөлігінде 2006 жылғы «Алтын доп» иегерімен әңгімелесті. Кездесу барысында Ван Дейк италиялық маманға құрмет білдіріп, тартысты ойын үшін алғыс айтты.

Әңгіме соңында Нидерланд құрамасының капитаны Каннавароға өз ойын жейдесін сыйға тартты.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасы Португалия, Колумбия және Конго Демократиялық Республикасымен бір топта өнер көрсетеді.

Ал Нидерланд құрамасы топтық кезеңде Жапония, Швеция және Тунис құрамаларына қарсы ойнайды.

Ван Дейк Өзбекстанмен өткен матчтан кейін Каннавароға жейдесін сыйлады – sport-hub