Венгрия – Қазақстан матчында сербиялық төрешілер төрелік етеді

Фото: Starsport
Венгрия мен Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесуге Сербиядан келген төрешілер бригадасы қызмет көрсетеді.
Матчтың бас төрешісі болып Павле Илич тағайындалды. Оған қапталдағы төрешілер ретінде Милан Шутулович пен Никола Джорович көмектеседі. Төртінші төреші міндетін Данило Николич атқарады.
Ал бейнеқайта қарау жүйесіне (VAR) Александр Живкович пен Милан Стефанович жауап береді.
Венгрия мен Қазақстан құрамалары арасындағы кездесу 9 маусымда өтеді. Матч Венгрияның Дебрецен қаласында өтіп, Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де басталады.
Талғат Байсуфинов шәкірттері үшін бұл маусым айындағы халықаралық матчтар аясындағы екінші ойын болмақ. Бұған дейін Қазақстан құрамасы Ереванда Армениямен кездесіп, 1:1 есебімен тең түскен еді.