Верхувен Усикке қарсы жекпе-жектегі өнеріне баға берді

Фото: Getty Images
Нидерландтық кикбоксшы Рико Верхувен 23 мамыр күні Мысырдың Гиза қаласында өткен украиналық Александр Усикке қарсы жекпе-жек туралы пікір білдірді.
Еске салайық, Александр Усик Рико Верхувенді 11-раундта техникалық нокаутпен жеңіп, аса ауыр салмақтағы WBC чемпиондық белбеуін қорғап қалған еді.
— Кейбіреулер тарихтағы ең мықты боксшы деп санайтын адаммен жұдырықтасуға мүмкіндік алдым және мен керемет өнер көрсеттім. Мен тарихтағы ең үздік боксшылардың бірін рингте жеңіп келе жаттым. Бұдан артық не керек? Бұл менің өзімді мүлде басқаша сезінуіме әсер етті. Әрине, жекпе-жектен кейін көңілім түсті. Бірақ болған жағдайдан кейін әлемнің түкпір-түкпірінен үлкен қолдау таптым. Осындай мүмкіндік үшін дән ризамын, — деді Верхувен Ариэль Хельвани подкастында.
Рико Верхувеннің кәсіби кикбоксингтегі рекорды — 66 жеңіс және 10 жеңілістен тұрады. Оның 21 жеңісі нокаутпен аяқталған.