Видео. Нидерланд құрамасы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

Фото: ФИФА
Нидерланд құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты топтық кезеңінің үшінші турында Тунис командасын 3:1 есебімен жеңіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Матч Канзас-Сити қаласындағы «Эрроухед» стадионында өтті. Кездесудің есебі 3-минутта тунистік ойыншы Эльес Шкиридің автоголынан кейін ашылды. Төрт минуттан соң шабуылшы Брайан Бробби есепті еселей түсті.
54-минутта шабуылшы Хазем Мастури баспен гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. Алайда көп ұзамай қорғаушы Ян Паул ван Хекке бұрыштамадан кейінгі допты дәл бағыттап, матчтың қорытынды есебін белгіледі.
Топтық кезеңнің үш турының қорытындысы бойынша Нидерланд (7 ұпай) мен Жапония (5 ұпай) плей-офф кезеңіне өтті. Швеция құрамасы 4 ұпаймен үшінші орын алды, ал Тунис бірде-бір ұпай жинай алмай, турнирдегі өнерін аяқтады.
Еске салайық, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.