Эрве Ренар Тунис құрамасының бас бапкері атануға жақын

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Голубович Дмитрий / «Чемпионат»

Фото: Голубович Дмитрий / «Чемпионат»

Тунис құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы турында Швециядан (1:5) жеңілгеннен кейін бас бапкерін ауыстыруы мүмкін. Команданы Эрве Ренар басқаруы ықтимал.

Журналист Ромен Молинаның хабарлауынша, Тунис футбол федерациясы француз маманының кандидатурасын тек осы әлем чемпионатына ғана емес, ұзақ мерзімді жоба аясында қарастырып жатыр.

Бұған дейін ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен Сабри Лямуши кеткен еді. Оның отставкасы турнирдің алғашқы матчында Швециядан ірі есеппен жеңілгеннен кейін болды.

Айта кетейік, Эрве Ренардың соңғы жұмыс орны Сауд Арабиясы құрамасы болды. Бұған дейін ол Замбия және Кот-д’Ивуар құрамаларымен екі рет Африка ұлттар кубогын жеңіп алған.

Тунис құрамасы әлем чемпионатындағы келесі ойынын 21 маусым күні Жапонияға қарсы өткізеді.

Эрве Ренар Тунис құрамасының бас бапкері атануға жақын – sport-hub