Виктор Друзин Қазақстан құрамасына ерлер арасындағы техникалық бағдарламада күміс медаль сыйлады
Бөлісу

Фото: Виктор Друзин
Қазақстан құрамасы артистік жүзуден Азия чемпионатында медаль қорын толықтыруды жалғастырып жатыр. Кезекті жетістікке Виктор Друзин қол жеткізіп, ерлер арасындағы техникалық бағдарламада жүлдегерлер қатарына енді.
Қазақстандық спортшы жарысты 246,4600 ұпаймен аяқтап, тұғырдың екінші сатысына көтерілді. Ең жоғары нәтижені қытайлық Муе Го (251,7992) көрсетті, ал Таиланд өкілі Пантуракса Васин (175,3992) қола жүлдеге ие болды.
Друзин үшін бұл жүлде халықаралық аренадағы тұрақты нәтижесінің тағы бір дәлелі. Оның қоржынында өткен жылы жеңіп алған Азия чемпионы атағы да бар.
Құрлық біріншілігі жалғасуда, турнирдің финалдық жарыстары 25 шілдеге жоспарланған.