Виктор Вембаньяма НБА финалдарында тарихи жетістікке жетіп, тек Мэджик Джонсоннан ғана қалып қойды
Бөлісу

«Сан-Антонио Спёрс» клубының ойыншысы Виктор Вембаньяма тағы бір тарихи көрсеткіштің авторы атанды.
Француз баскетболшысы НБА финалдары тарихында бір ойында 30 ұпай жинап, 5 нәтижелі пас беріп, 5 рет допты өз иелігіне қайтарған ең жас ойыншылар тізімінде екінші орынға көтерілді. Бұл көрсеткіш бойынша көш басында бес дүркін чемпион Мэджик Джонсон тұр.
Еске салайық, НБА финалдық сериясының төртінші кездесуі «Сан-Антонио Спёрс» пен «Нью-Йорк Никс» командалары арасында 11 маусым күні өтеді. Ойын Астана уақытымен сағат 05:30-да басталады.
Қазіргі таңда сериядағы есеп – 2:1. «Нью-Йорк Никс» командасы алда келеді.