Волкановски мен Евлоев UFC 333 турнирінде чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады

Aibar Rysdaulet··
Фото: Sportbox

Фото: Sportbox

UFC ұйымы жартылай жеңіл салмақтағы чемпион Александр Волкановски мен жеңіліп көрмеген ресейлік Мовсар Евлоев арасындағы титулдық жекпе-жекті ресми түрде жариялады.

Кездесу 24 қазанда Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін UFC 333 турнирінде ұйымдастырылады. Жекпе-жек Etihad Arena аренасында өтеді. Волкановски үшін бұл чемпиондық белбеуді қайта иеленгеннен кейінгі екінші титул қорғауы болмақ.

37 жастағы австралиялық соңғы жекпе-жегін 2026 жылдың 31 қаңтарында UFC 325 турнирінде өткізді. Ол бразилиялық Диего Лопесті қатарынан екінші рет төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, чемпиондық атағын сақтап қалды.

Ал Евлоев октагондағы соңғы жекпе-жегін 21 наурызда Лондонда өткен UFC Fight Night турнирінде өткізді. Ресейлік спортшы жергілікті файтер Лерон Мерфиді төрешілердің көпшілік шешімімен жеңді. Осылайша Евлоев кәсіби мансабында әлі жеңілген жоқ – оның рекорды 20-0. Сонымен қатар ол UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы рейтингінде бірінші орында тұр. 32 жастағы файтер үшін Волкановскиге қарсы жекпе-жек UFC-дегі алғашқы титулдық айқас болады.

Image placeholder