Ян Зоммер «Брюгге» клубының ойыншысы атанады

Каирбек Тулегенов ··
Фото: instagram.com/yannsommer

Фото: instagram.com/yannsommer

Бұрын «Интер» сапында өнер көрсеткен қақпашы Ян Зоммер мансабын Бельгия чемпионатында жалғастыруы мүмкін.

Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, 37 жастағы қақпашы миландық «Интерден» еркін агент ретінде кеткеннен кейін бельгиялық «Брюгге» клубымен қысқа мерзімді келісімшартқа қол қойған.

Еуропаның басқа да командаларынан, соның ішінде Испанияның Ла Лига клубтарынан бірнеше маңызды ұсыныс түскеніне қарамастан, Зоммер бельгиялық грандты таңдаған. Ол жаңа клубында негізгі қақпашы болады деп күтілуде.

Айта кетейік, 2025/26 маусымында «Брюгге» футбол клубы өз тарихында 20-рет Бельгия чемпионы атанып, маусым аяқталуына бір тур қалғанда чемпиондықты мерзімінен бұрын қамтамасыз еткен.