Яннис Адетокунбо ресми түрде «Майами Хитке» ауысты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: nba.com / Getty Images / Tomas Diniz Santos

Фото: nba.com / Getty Images / Tomas Diniz Santos

«Майами Хит» клубы грек шабуылшысы Яннис Адетокунбомен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады. 31 жастағы баскетболшы жаңа командасында жетінші нөмірмен өнер көрсетеді.

Бұл келісім аясында «Милуоки» Тайлер Хирро, Каспарас Якучионис, Хайме Хакес және Келел Уэйрді өз қатарына қосты. Сонымен қатар клуб 2026 жылғы драфттағы 13-таңдауды қоса алғанда, бірінші раундтың үш таңдауы, екінші раундтың бір таңдауы және драфт таңдауларын айырбастау құқығына ие болды.

Айта кетейік, Адетокунбо NBA-дегі 13 маусымының барлығында «Милуоки» сапында өнер көрсетті. 2021 жылы ол клубқа соңғы 50 жылдағы алғашқы чемпиондық атақты жеңіп алуға көмектесті.

Өткен маусымда жарақатына байланысты грек форварды тұрақты чемпионаттың 36 матчына қатысып, бір ойынға орта есеппен 27,6 ұпайдан еншіледі.

Яннис Адетокунбо ресми түрде «Майами Хитке» ауысты – sport-hub