Юлия Ли маунтинбайк бойынша Азия чемпионатында екінші медалін жеңіп алды
Бөлісу

Фото: ACC
Қазақстандық велошабандоз Юлия Ли Ташкент қаласында өтіп жатқан маунтинбайк бойынша жастар арасындағы Азия чемпионатында XCO дисциплинасында қола медаль жеңіп алды.
Спортшы олимпиадалық XCO (кросс-кантри) сайысында 1 сағат 24 минут 10 секунд нәтижемен үшінші орынға ие болды. Жарыстың жеңімпазы қытайлық Ван Тин атанды. Күміс жүлдені оның отандасы Гун Сыин иеленді.
Бұл Юлия Лидің аталған Азия чемпионатындағы екінші жүлдесі. Бұған дейін қазақстандық спортшы XCC (шорт-трек кросс-кантри) дисциплинасында да қола медаль алған болатын.
Еске сала кетейік, турнир 23–27 маусым аралығында Өзбекстан астанасында өтуде.