Юлия Путинцева Қытайдағы турнирдің алғашқы айналымында жеңілді

Фото: Getty Images
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің екінші айналымына шыға алмады. Ол алғашқы кездесуде әлемдік рейтингте 13-орында тұрған ресейлік Диана Шнайдерге есе жіберді.
Матч 7:5, 7:6 (7:4) есебімен Шнайдердің пайдасына аяқталды.
Кездесу 2 сағат 28 минутқа созылды. Путинцева екі сетте де брейкпен алға шыққанымен, басымдығын сақтап қала алмады. Қазақстандық теннисші сетболдарды да сәтті пайдалана алмады. Ал қарсыласы қиын сәттерде ойынға қайта оралып, жеңісті жұлып алды.
Ningbo Open. WTA 500. Әйелдер арасындағы жарыс. 1/16 финал
Диана Шнайдер (Ресей) – Юлия Путинцева (Қазақстан) – 7:5, 7:6 (7:4)
Енді Диана Шнайдер турнирдің 1/8 финалында әлемдік рейтингте 20-орында тұрған филиппиндік Александра Эаламен кездеседі.