«Ювентус» қорғаушысы мансабын «Фиорентинада» жалғастырады

«Фиорентина» ФК
«Ювентус» қорғаушы Жоау Мариудың «Фиорентинаға» ауысқанын ресми түрде хабарлады. Португалиялық футболшы жаңа команда сапында бір маусымды жалға алу негізінде өткізеді.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, жалға беру туралы келісім 2027 жылдың 30 маусымына дейін жасалған. Аренда құны 1,8 миллион еуроны құрайды. Бұл сома бір жыл ішінде төленеді.
Келісімшартта «Фиорентина» ойыншыны 9,5 миллион еуроға сатып алу құқығына ие болатыны да көрсетілген. Егер бұл мүмкіндік пайдаланылса, трансфер сомасы үш жыл ішінде үш бөлікке бөлініп төленеді.
26 жастағы Жоау Мариу 2025 жылдың жазында «Порту» клубынан «Ювентусқа» 12 миллион еуроға ауысқан болатын. Өткен маусымның екінші бөлігін қорғаушы «Болоньяда» жалға өткізіп, жалпы 28 матчқа қатысып, екі гол соқты және бір нәтижелі пас берді.