«Ювентус» Зиркзее бойынша «Манчестер Юнайтедпен» келіссөз жүргізіп жатыр

Бегасыл Амирбай ··
«Манчестер Юнайтед» ФК

«Манчестер Юнайтед» ФК

«Ювентус» шабуыл шебін күшейту бағытындағы жұмысын жалғастыруда. Туриндік клуб «Манчестер Юнайтедпен» Джошуа Зиркзее трансфері бойынша келіссөз жүргізіп жатыр.

The Sun басылымының мәліметінше, «Ювентус» нидерландтық шабуылшыны 40 миллион еуроға сатып алу құқығымен жалға алу нұсқасын қарастыруда. Ойыншының өкілдері туриндік клубтың ұсынысына оң көзқарас танытқан.

Хабарланғандай, Зиркзее «Ювентустың» басты трансферлік мақсатына айналды. Бұған дейін ПСЖ клубымен Рандаль Коло Муани бойынша келіссөздер сәтсіз аяқталған еді. Италиялық клуб шабуыл шебін жедел күшейтуді көздеп отыр.

Зиркзее Италия чемпионатын жақсы біледі. Ол 2024 жылдың жазында «Манчестер Юнайтедке» ауысқанға дейін «Болонья» сапында өнер көрсетіп, Серия А-ның үздік жас ойыншысы атанған.

Жалпы, «Манчестер Юнайтед» сапында шабуылшы барлық турнирде 75 матч өткізіп, тоғыз гол соғып, төрт нәтижелі пас берген. Тараптар жеке келісімшарт талаптарын келісіп қойған, ал «Ювентустың» спорттық директоры Фредерик Массара мәмілені аяқтау бағытында жұмыс жүргізуде.

«Ювентус» Зиркзее бойынша «Манчестер Юнайтедпен» келіссөз жүргізіп жатыр – sport-hub