«Манчестер Юнайтед» Рэшфордты Коне трансферіне айырбастауы мүмкін
Бөлісу

«Барселона» ФК
«Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Маркус Рэшфорд мансабын Италияның А сериясында жалғастыруы мүмкін.
La Gazzetta dello Sport басылымының мәліметінше, ағылшын клубы француз жартылай қорғаушысы Ману Коне трансферіне байланысты «Ромамен» келіссөздерде Маркус Рэшфордты мәміленің бір бөлігі ретінде қосуды қарастырып жатыр.
Футболшының ықтимал ауысуына кедергі болып отырған басты мәселе – оның жоғары жалақысы. Дереккөздің хабарлауынша, Рэшфорд жылына шамамен 11 миллион еуро табыс табады.
Өткен маусымда 27 жастағы шабуылшы «Барселона» сапында жалға ойнады. Каталониялық клуб құрамында ол барлық турнирде 49 матчқа қатысып, 14 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.