«Әл Райян» клубы Джейдон Санчоға ұсыныс жасады

«Манчестер Юнайтед» ФК
Катардың «Әл Райян» клубы ағылшын вингері Джейдон Санчоны трансферлеуге қызығушылық танытып отыр. Футболшы «Манчестер Юнайтедтен» кеткеннен кейін мансабын жалғастыру нұсқаларын қарастыруда.
Санти Ауна мәліметінше, «Әл Райян» Джейдон Санчоға ресми ұсыныс жасаған. Ағылшын футболшысы 1 шілдеде «Манчестер Юнайтедтен» кеткеннен кейін еркін агент мәртебесіне ие болды.
26 жастағы вингер мансабын жалғастырудың түрлі нұсқаларын қарастырып жатыр. Бұған дейін ол жалға алу негізінде «Челси» мен «Астон Вилла» клубтарында өнер көрсеткен. Сондай-ақ, дортмундтық «Боруссияға» қайта оралу мүмкіндігін де талқылаған, бұл клубта 2021–2024 жылдары ойнаған.
Айта кетейік, Англия құрамасы сапында Санчо 23 матч өткізіп, 3 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген. Ал «Манчестер Юнайтед» құрамында 83 ойынға қатысып, 12 гол және 6 ассист тіркеді. Ағылшын клубына ол 2024 жылы «Боруссиядан» 85 миллион еуроға ауысқан.