«Ювентус» Серия А аясында «Леччені» жеңді

«Ювентус» ФК
«Ювентус» Италия чемпионатының 8-туры аясында сырт алаңда «Леччеден» басым түсті.
Лечче қаласында өткен кездесу 2:0 есебімен туриндік клубтың пайдасына аяқталды. «Ювентус» сапынан Уэстон Маккенни мен Дуглас Луис гол соқты. Ал қосымша уақытта алаң иелерінің қорғаушысы Киалонда Гаспар қызыл қағаз алып, ойыннан қуылды.
Осы жеңістен кейін «Ювентус» 14 ұпай жинап, А сериясының турнир кестесінде жетінші орынға көтерілді. Ал тоғыз ұпайы бар «Лечче» 12-сатыда тұр.
Италия чемпионаты. 2026/27 жылғы маусым. 8-тур
«Лечче» – «Ювентус» – 0:2
Голдар: Маккенни, 29 (0:1), Луис, 41 (0:2).
Қызыл қағаз: Гаспар, 90+4.
Келесі турда туриндік клуб 28 қазанда сырт алаңда «Дженоамен» кездеседі. Ал «Лечче» 29 қазанда қонақта «Фрозинонемен» ойнайды.