Зайнутдиновтың жаңа бапкері белгілі болды

Фото: Голубович Дмитрий, «Чемпионат»
Мәскеулік «Динамо» клубы неміс маманы Сандро Шварцтың бас бапкер қызметіне тағайындалғанын ресми түрде жариялады.
Неміс маманы «көк-ала» жейделі ұжымды 2020-2022 жылдар аралығында да жаттықтырған еді. Шварцтың жетекшілігімен мәскеулік команда 2022 жылы Ресей кубогының финалына дейін жетті. Сол кезеңде «Динамо» барлық турнирде 57 матч өткізіп, 32 рет жеңіске жетті.
БАҚ мәліметінше, Шварц «Динамода» шамамен жылына 2,4 миллион еуро жалақы алады. Бастапқыда неміс маманы 3 миллион еуро көлемінде жалақы сұраған, алайда келіссөздер барысында клуб бұл соманы төмендетуге қол жеткізген.
Осыған дейін «Динамо» Ролан Гусевпен қоштасқанын хабарлаған еді.
Еске салайық, мәскеулік клуб сапында Қазақстан құрамасының көшбасшысы Бақтиёр Зайнутдинов өнер көрсетеді.