Зайнутдинов ойнайтын «Динамо» бас бапкерімен қоштасты

Бегасыл Амирбай ··
Фото:  Мәскеулік «Динамо» ФК

Фото: Мәскеулік «Динамо» ФК

Қазақстан құрамасының футболшысы Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсететін мәскеулік «Динамо» клубы бас бапкер Ролан Гусевтің қызметінен кеткенін хабарлады.

Гусев «Динамоның» жаттықтырушылар штабына 2023 жылдың жазында қосылған еді. Алғашында ол командада ассистент қызметін атқарды, кейін екі рет уақытша бас бапкер міндетін атқарды. 2025 жылдың желтоқсанында маман команданың толыққанды бас бапкері болып бекітілді.

Бақтиер Зайнутдинов мәскеулік клуб сапында барлық турнирде небәрі 10 матчқа қатысты. Қазақстандық жартылай қорғаушы маусымның басым бөлігін жарақатына байланысты өткізіп алды.

Маусым қорытындысы бойынша Мәскеудің «Динамосы» Ресей Премьер-лигасында жетінші орын алды.