«Қайрат» жартылай қорғаушысы Финляндия құрамасына шақырту алды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: «Қайрат» ФК

Фото: «Қайрат» ФК

Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Ойва Юккола Финляндия құрамасының алдағы жолдастық ойындарға арналған тізіміне енді.

24 жастағы футболшы Германия және Венгрияға қарсы ойындарға арнайы жасақталған ұлттық құрамаға шақырылды. Матчтар тиісінше 31 мамыр және 5 маусым күндері өтеді. Ал «Қайраттың» тағы бір финляндиялық жартылай қорғаушысы Яакко Оксанен тізімге енген жоқ.

Қазақстан Премьер-лигасының қазіргі маусымында Юккола 11 матчқа қатысып, үш гол соқты және екі нәтижелі пас берді.

10 турдан кейін «Қайрат» 25 ұпаймен ҚПЛ турнирлік кестесінде көш бастап тұр. «Сары-қаралар» келесі ойынын 23 мамыр күні «Қайсарға» қарсы өз алаңынд өткізеді.