Жалғас Жұмағұлов әлем чемпионатындағы Испанияның жеңісіне пікір білдірді

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының қорытындысына қатысты пікірін айтып, финалда қай құрамаға жанкүйер болғанын жеткізді.

Жұмағұловтың айтуынша, шешуші кездесуде ол Испания құрамасын қолдаған. Финал аяқталғаннан кейін қазақстандық файтер испандықтарды тарихи жеңісімен құттықтап, олардың чемпиондыққа әбден лайық болғанын атап өтті.

«Финалда Испанияға жанкүйер болдым. Жеңгеніне қуаныштымын бұл жеңіс толықтай лайықты болды!» – деп жазды Жұмағұлов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, әлем чемпионатының финалында Испания құрамасы Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңіп, өз тарихында екінші рет әлем чемпионы атанды.

Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегін Братиславада өткен Oktagon 89 турнирінде өткізді. Ол жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін бразилиялық Игор Севериноға қарсы шыққан болатын. Екінші раундта қарсыласының ереже бұзған соққысынан кейін төреші кездесуді тоқтатып, жекпе-жек нәтижесі есепке алынбады.

Қазіргі таңда қазақстандық файтердің кәсіби рекорды – 19 жеңіс және 9 жеңіліс.

Жалғас Жұмағұлов әлем чемпионатындағы Испанияның жеңісіне пікір білдірді – sport-hub