Басты бет
·
Бокс

Жәнібек Әлімханұлының жаңа салмақтағы жекпе-жегіне қатысты болжам жасалды

Дина Хамзина··
Фото: janibek_alimkhanuly

Фото: janibek_alimkhanuly

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақта WBO нұсқасы бойынша бос тұрған әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке дайындалып жатыр.

Америкалық Boxing News 24 басылымы оның жеңіліп көрмеген датиялық Якоб Банкпен жекпе-жектегі мүмкіндігін бағалап, жаңа салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы қандай қиындықтарға тап болуы мүмкін екенін түсіндірді.

Әлімханұлы мен Банк арасындағы жекпе-жек 2027 жылдың қаңтарында Данияда өтеді деп жоспарланған. Нақты күні мен аренасы кейінірек жарияланады.

Әзірге чемпиондық жекпе-жекті өткізу туралы келісім жасалған. Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) президенті Густаво Оливьери екі боксшының командалары ортақ келісімге келгенін растады. Осыған байланысты промоутерлік сауда өткізудің қажеті болмайды.

Жәнібек Әлімханұлының жаңа салмақтағы жекпе-жегіне қатысты болжам жасалды – sport-hub