Басты бет
·
Басқа спорт түрлері

Жапония Алматыдағы Азия чемпионатында Гонконгты ойсырата жеңді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Каирбек Тулегенов

Фото: Каирбек Тулегенов

Гандболдан Жапонияның әйелдер құрамасы Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді. Жапониялық гандболшылар Гонконг құрамасын 34:13 есебімен жеңді.

Кездесу Алматыдағы Олимпиадалық даярлау орталығында өтті. Жапония құрамасы алғашқы таймда-ақ басымдық танытып, үзіліске 16:9 есебімен шықты.

Екінші таймда да жапониялық спортшылар қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Олар кездесудің екінші бөлігін 18:4 есебімен ұтып, жалпы есептегі айырмашылықты 21 допқа жеткізді.

Осылайша Жапония турнирдегі екінші жеңісіне жетіп, төрт ұпай жинады. Бір күн бұрын Азияның қазіргі чемпиондары Таиланд құрамасын 42:6 есебімен ойсырата жеңген болатын.

Ал алғашқы кездесуінде Ираннан 16:33 есебімен жеңілген Гонконг құрамасы әзірге ұпай жинай алмады.

Екі команданың да келесі қарсыласы Қытай құрамасы болмақ. Гонконг 25 қарашада, ал Жапония 27 қарашада қытайлық гандболшылармен кездеседі.

Еске салайық, әйелдер арасындағы гандболдан Азия чемпионаты 23 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Алматыда өтіп жатыр.

Турнирге екі топқа бөлінген он ұлттық құрама қатысуда. Жарыс қорытындысы бойынша үздік төрт команда 2027 жылы Мажарстанда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.

Жапония Алматыдағы Азия чемпионатында Гонконгты ойсырата жеңді – sport-hub