«Жеңіс» – «Қайсар»: Қазақстан Кубогы матчының тікелей трансляциясы

«
Елордалық «Жеңіс» пен қызылордалық «Қайсар» Қазақстан Кубогының жартылай финалындағы қарымта матчта кездеседі.
Ойын 19 тамызда елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Кездесу сағат 19:00-де басталады. Жанкүйерлер матчты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады. Сондай-ақ кездесудің ең маңызды сәттерін Sport-hub.kz Telegram-арнасындағы live форматында бақылауға болады.
Еске салайық, «Жеңіс» ширек финалда «Қызылжарды» 2:0 есебімен жеңіп, Қазақстан Кубогының жартылай финалына жолдама алды. Ал «Қайсар» турнирдің алдыңғы кезеңінде «Тоболдан» басым түсті, негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталып, пенальти сериясында қызылордалықтар 5:3 есебімен жеңіске жетті.
Командалар алғашқы жартылай финалдық матчты Қызылордада өткізді. «Қайсар» 3:1 есебімен жеңіп, қарымта ойын алдында маңызды басымдыққа ие болды. Енді «Жеңіс» екі доп айырмасын жоюы қажет.
Айта кетейік, Қазақстан Кубогының жеңімпазы 2027/28 жылғы маусымда Конференция лигасының іріктеу кезеңіне қатысу құқығына ие болады.