Басты бет
·
Теннис

Жером Ким Бен Шелтонды жеңіп, Базельдегі турнирдің ширек финалына шықты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Matthew Stockman/Getty Images

Фото: Matthew Stockman/Getty Images

Америкалық теннисші Бен Шелтон (ATP рейтингінде 4-орын) Швейцарияның Базель қаласында өтіп жатқан ATP-500 турнирінің екінші айналымында жарыс жолынан шығып қалды. Ол жергілікті теннисші Жером Кимге есе жіберді.

Базель (Швейцария). ATP-500. Жекелей сында. Екінші айналым

Жером Ким (Швейцария) – Бен Шелтон (АҚШ) – 6:3, 6:7 (4:7), 7:6 (7:1).

Әлемдік рейтингте 222-орында тұрған швейцариялық теннисші жеңіске жетті. Негізгі кезеңге ұйымдастырушылардың арнайы шақыртуымен қатысып жатқан 23 жастағы спортшы үшін бұл кәсіби мансабындағы ең ірі жеңіс болды.

Ким алғашқы партияда қарсыласының екі геймінде басым түсіп, сетте жеңіске жетті. Екінші партияда Шелтон таразы басын теңестіріп, тай-брейкте мықтылығын танытты. Дегенмен швейцариялық теннисшінің кездесуді ертерек аяқтауға бірнеше мүмкіндігі болғанымен, оларды пайдалана алмады.

Кездесу барысында Шелтон 17 эйс жасап, алты рет қос қателікке жол берді және бес брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Ал Кимнің еншісінде 19 эйс, үш қос қателік және сегіз брейк-пойнттың төртеуін сәтті жүзеге асыру бар.

Ширек финалда швейцариялық теннисші чехиялық Иржи Легечкамен кездеседі. Ол бұған дейін «Үлкен дулыға» турнирлерінің үш дүркін чемпионы Стэн Вавринканы жеңген болатын. Осылайша Ким жекелей сында турнирде қалған Швейцарияның жалғыз өкілі атанды.

Айта кетейік, жарыстың қазіргі чемпионы – бразилиялық Жоао Фонсека. Ол 2025 жылғы финалда испаниялық Алехандро Давидович-Фокинаны 6:3, 6:4 есебімен жеңген еді.

Жером Ким Бен Шелтонды жеңіп, Базельдегі турнирдің ширек финалына шықты – sport-hub