Жібек Құламбаева Антальядағы WTA 125 турнирін жеңіспен бастады

ҚТФ
Жібек Құламбаева Антальяда өтіп жатқан WTA 125 санатындағы турнирдегі жарысын сәтті бастады. Бірінші айналымда қазақстандық теннисші Словакия өкілі Радка Желничковамен кездесті.
Әлемдік рейтингте 476-орында тұрған Құламбаева 342-ракеткаға қарсы сенімді ойын көрсетіп, кездесуді екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңді.
WTA 125. Анталья. Жекелей сында. Бірінші айналым
Жібек Құламбаева (Қазақстан) – Радка Желничкова (Словакия) – 6:4, 6:4
Матч 1 сағат 48 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Құламбаева бірде-бір эйс жасамай, үш рет қос қателік жіберді.
Кездесу барысында қазақстандық теннисші өз сервисін үш рет беріп қойды. Алайда ол қабылдау кезінде агрессивті ойын көрсетіп, бұл кемшіліктің орнын толтыра алды. Жібек бес брейк-пойнтты пайдаланып, екі партияда да басымдықты сақтап қалды.
Құламбаева мен Желничкова бұған дейін өзара кездесіп көрмеген. Бұл олардың мансабындағы алғашқы бетпе-бет матч болды.
Енді екінші айналымда Жібек польшалық Вероника Фалковская мен Болгария өкілі Элизара Яневаның арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Құламбаева Антальядағы турнирдің шешуші кезеңдеріне шығу және WTA рейтингіндегі позициясын жақсарту жолындағы күресін жалғастырады.