Басты бет
·
Теннис

Зверев Шелтонның ATP қорытынды турнирінің жартылай финалына шығуына көмектесті

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Corinne Dubreuil/ATP Tour

Фото: Corinne Dubreuil/ATP Tour

Америкалық теннисші Бен Шелтон мансабында алғаш рет 2026 жылғы ATP қорытынды турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Франциялық Артюр Фис келесі кезеңге шығу үшін германиялық Александр Зверевті екі сетте жеңуі керек еді. Алайда Зверев алғашқы партияда 6:4 есебімен басым түсіп, Шелтонның Джон Макинрой тобында екінші орын алуына мүмкіндік жасады.

Нәтижесінде германиялық теннисші кездесуді 6:4, 7:6 (8:6) есебімен өз пайдасына аяқтады.

Бұған дейін Шелтон испаниялық Рафаэль Ходарды 7:6 (10:8), 7:5 есебімен жеңген болатын. Осылайша америкалық спортшы топтық кезеңді екі жеңіс және бір жеңіліспен аяқтады. Ол Ходар мен Фистен басым түсіп, тек Зверевке есе жіберді.

Жартылай финалда әлемнің төртінші ракеткасы Бен Шелтон испаниялық Карлос Алькараспен кездеседі. Ал Зверев Даниил Медведев пен Фрэнсис Тиафо арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, ATP-2026 қорытынды турнирі 15–22 қараша аралығында Италияның Турин қаласындағы «Иналпи» аренасында өтіп жатыр. Жекелей сында сегіз теннисші екі топқа бөлініп, бақ сынауда.

Турнирдің қазіргі чемпионы – италиялық Янник Синнер.