Александр Зверев ATP қорытынды турнирінде қатарынан үшінші жеңісіне жетті

Фото: Corinne Dubreuil/ATP Tour
Германиялық теннисші Александр Зверев ATP-2026 қорытынды турнирінің топтық кезеңінде әлемдік рейтингте жетінші орында тұрған франциялық Артюр Фисті жеңді.
Кездесу әлемнің бірінші ракеткасы Зверевтің пайдасына 6:4, 7:6 (8:6) есебімен аяқталды.
Матч 1 сағат 40 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде германиялық теннисші 10 эйс жасап, бірде-бір қос қателікке жол берген жоқ. Ал Фис жеті эйс орындап, бір қос қателік жіберді.
Осылайша Александр Зверев топтық кезеңдегі үш кездесуінің бәрінде жеңіске жетіп, жартылай финалға жеңіліссіз шықты. Ал ATP қорытынды турниріне алғаш рет қатысқан Артюр Фис бір ғана жеңіспен шектелді.
Айта кетейік, ATP қорытынды турнирі Италияның Турин қаласында өтіп жатыр және 22 қарашада аяқталады.
Жарыстың қазіргі екі дүркін чемпионы – италиялық Янник Синнер.