«Канело» Кроуфордпен реванш өткізгісі келетінін айтты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Marca

Фото: Marca

Мексикалық боксшы Сауль Альварес америкалық Теренс Кроуфордпен өтуі мүмкін реванш туралы пікір білдірді.

Екі спортшы арасындағы алғашқы жекпе-жек 2025 жылдың 14 қыркүйегінде өтіп, Кроуфорд төрешілердің біріңғай шешімімен жеңісімен аяқталды.

— Кроуфордтың мансабын аяқтағанын білемін, бірақ мен онымен тағы да жұдырықтасқым келеді. Бізде реванш болады деп үміттенемін. Бұл жанкүйерлер үшін керемет жекпе-жек болар еді. Менің әрқашан өз жоспарым бар, ешкімді күтіп отырмаймын. Бірақ онымен қайта күш сынасқым келеді, — деді Альварес The Ring YouTube арнасына берген сұхбатында.

Өткен жылдың соңында Теренс Кроуфорд кәсіби мансабын аяқтағанын жариялаған еді. Америкалық боксшы рингтен 42 жеңіс және бірде-бір жеңіліссіз кеткен. Сондай-ақ ол үш түрлі салмақ дәрежесінде абсолютті әлем чемпионы атанған алғашқы боксшы болды.

Сауль «Канело» Альварестің еншісінде 68 жекпе-жек бар: 63 жеңіс, үш жеңіліс және екі тең нәтиже.