2026 ӘЧ: Мехикодағы ашылуға 500 мың адам жиналды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: SAFA

Фото: SAFA

Мексика мен Оңтүстік Африка құрамалары арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионатының ашылу матчы алаң иелерінің 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Турнир басталған күні Мехикодағы мерекелік іс-шараларға шамамен 500 мың адам жиналды.

Бұл туралы Мехико қаласының қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің есебінде айтылған. Дереккөздің мәліметінше, ашылу салтанаты мен алғашқы матч өткен «Ацтека» стадионында шамамен 80 мың көрермен болған.

Тағы 100 мыңға жуық адам орталық Сокало алаңындағы ресми фан-аймаққа барған. «Тәуелсіздік періштесі» монументі жанындағы фан-аймаққа шамамен 120 мың жанкүйер жиналған.

Сонымен қатар, қала бойынша ұйымдастырылған түрлі футбол фестивальдері мен ойын-сауық шараларына шамамен 200 мың адам қатысқан.

2026 жылғы әлем чемпионаты 12 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Турнирге 12 топқа бөлінген 48 ұлттық құрама қатысады.