2026 ӘЧ жеңімпаздары тарихта алғаш рет чемпиондық жүзіктер алады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

2026 жылғы әлем чемпионатының (ӘЧ-2026) жеңімпаздары турнир тарихында алғаш рет чемпиондық жүзіктерге ие болады. Бұл туралы ФИФА баспасөз қызметі хабарлады.

Әрбір жүзік шектеулі тиражбен шығарылады. Барлығы 2026 дана, әрқайсысы жеке нөмірмен белгіленеді. Оның 30-ы жеңімпаз команданың футболшылары мен жаттықтырушыларына табысталады, ал қалған 1996 жүзік ФИФА-ның лицензиялық өнімі ретінде бүкіл әлем бойынша сатылымға шығарылады.

Жүзіктің бір жағында чемпиондық трофей бейнеленсе, екінші жағында жеңімпаз команданың логотипі орналасады. Финалдық матчтан кейін бірден команда капитаны мен бас бапкерге марапаттау рәсіміне қатысу үшін уақытша жүзіктер беріледі. Кейін барлық 30 атаулы жүзік жеке тапсырыспен дайындалып, арнайы салтанатты рәсімде табысталады.

Еске сала кетейік, 2026 ӘЧ финалында Испания құрамасы мен Аргентина құрамасы кездеседі. Матч 20 шілде күні Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.