2026 жылғы әлем чемпионаты: Месси рекорд жаңартып жатыр, Мбаппе артта қалмауға тырысуда

Фото: ФИФА
SPORTHUB футболдан әлем чемпионатындағы кезекті ойын күнінің қорытындысын ұсынады
J - тобы
Аргентина – Аустрия – 2:0 (1:0)
Голдар: Месси, 38 (1:0); Месси, 90+5 (2:0)
Соқпай қалған пенальти: Месси, 9 (Аргентина)
Бас төреші: Омар (Египет)
Аргентина құрамасының турнирдің алғашқы матчында Алжирге қарсы ойында хет-трик жасағаннан кейін Лионель Месси әлем чемпионаттарындағы гол саны бойынша бұрынғы рекордшы Мирослав Клоземен теңескен болатын.
Сондықтан Аргентина мен Аустрия матчы бүкіл әлем жанкүйерлерінің ерекше қызығушылығын тудырды.
Алайда матчтың басында Месси үшін теріс рекорд тіркелді. Тоғызыншы минутта ол пенальтиді жүзеге асыра алмай, әлем чемпионаттарында үш рет 11 метрлік соққыны мүлт жіберген алғашқы футболшы атанды.

Пенальтиден кейін де Месси ойыннан тыс қалмады және бірінші таймның өзінде гол соғып, әлем чемпионаттарындағы 17-ші голын тіркеді.
Екінші таймның қосымша уақытында ол тағы бір гол соғып, жалпы санын 18-ге жеткізді және әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды.
Бұл жеңіс Аргентинаға плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын шығуға мүмкіндік берді әрі команда J тобында бірінші орынды да алдын ала қамтамасыз етті.
Иордания – Алжир – 1:2 (1:0)
Голдар: Аль-Рашдан, 36 (1:0); Бенбуали, 69 (1:1); Гуири, 82 (1:2)
Бас төреші: Винчич (Словения)
Алжирдің Иорданияға қарсы ерікті жеңісі Аргентинаның топта мерзімінен бұрын бірінші орын алуын да қамтамасыз етті.
Сонымен қатар бұл нәтиже тұңғыш рет әлем чемпионатына қатысып жатқан Иордания құрамасының 1/16 финалға шығу үмітін тоқтатты.
Матчтың басында Иордания командасы жақсы ойнап, үзіліске дейін есепте алда болды. Екінші таймда алжирліктер бұрыштама соққыларынан кейін ойынды өзгерте алды. Алдымен Рияд Марездің бұрыштамасынан кейін Надир Бенбуали гол соқты. Ал жеңіс голын Амир Гуири соғып, нәтижені 2:1 етті.
Осылайша Алжир Австриямен екінші орын үшін талас жүргізетін болды ал Иордания плей-оффқа шығу мүмкіндігін жоғалтты.
I - тобы
Франция – Ирак – 3:0 (1:0)
Голдар: Мбаппе, 14 (1:0); Мбаппе, 54 (2:0); Дембеле, 66 (3:0)
Бас төреші: Фишер (Канада)
Франция құрамасы Иракты жеңу арқылы 1/16 финалға жолдама алды. Бұл матчта Килиан Мбаппе жеке көрсеткішімен де көзге түсті. Ол өз голдар санын көбейтіп, турнир бомбардирлер жарысында Мессимен бәсекесін жалғастыруда
Жалпы алғанда ол қазіргі чемпионатта төрт гол соқты ал әлем чемпионаттарындағы жалпы гол саны 16-ға жетті және Мирослав Клоземен теңесті.

Франция шабуылшысы Усман Дембеле де гол соғып, есепті 3:0 етті. Франция құрамасы екінші жеңісін алып, топтан шығуды қамтамасыз етті ал Ирак болса әлі де келесі кезеңге шығу үмітін сақтап отыр
Норвегия – Сенегал – 3:2 (1:0)
Голдар: Педерсен, 43 (1:0); Холанд, 48 (2:0); Сарр, 53 (2:1); Холанд, 58 (3:1); Сарр, 90+3 (3:2)
Бас төреші: Сампайо (Бразилия)
Бұл турдағы ең нәтижелі матч Норвегия мен Сенегал арасында өтті. Қос команда жалпы бес гол соқты. Норвегия құрамасында Эрлинг Холанд екі рет мергендік танытты ал Сенегал сапында Исмаила Сарр да дубль жасады. Алайда бұл нәтиже Африка құрамасына тең ойын әкелген жоқ. Скандинавиялықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті. Соған қарамастан Сенегал келесі кезеңге шығу мүмкіндігін жоғалтқан жоқ және шешуші ойында Иракпен кездеседі
Бүгін әлем чемпионатында екінші турдың соңғы ойындары өтеді.
К топтары мен L топтарындағы командалар өзара кездеседі
23 маусымдағы толық кесте
K тобы
Португалия – Өзбекстан 23 маусым 22:00
24 маусым
Колумбия – ДР Конго 07:00
L тобы
Англия – Гана 24 маусым 01:00
Панама – Хорватия 24 маусым 04:00