2026 жылғы әлем чемпионатының жүлде қоры белгілі болды

ФИФА
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының қорытындысы бойынша ұлттық құрамаларға төленген сыйақы көлемі жарияланды.
Турнирдің ең ірі қаржылай сыйлығына әлем чемпионы атанған Испания құрамасы ие болды. Финалда Аргентинаны 1:0 есебімен жеңген испандықтар 51 миллион АҚШ долларын алды.
Күміс жүлдегер Аргентина құрамасына 34 миллион доллар табысталса, қола жүлдені иеленген Англия 30 миллион доллар еншіледі. Төртінші орын алған Франция құрамасы 28 миллион доллар сыйақыға ие болды.
Ширек финалға шыққан құрамалардың әрқайсысына 20 миллион доллардан төленді. 1/8 финалға дейін жеткен командалар 16 миллион доллардан, ал 1/16 финалдан аса алмаған құрамалар 12 миллион доллардан алды.
Ал топтық кезеңде өнер көрсеткен барлық ұлттық құрамаларға 10 миллион АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілді.
Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп, 20 шілдеде өз мәресіне жетті.