37 жастағы Алексис Санчес мансабын МЛС-те жалғастырады

Бекарыс Әлімхан··
«Севилья» ФК

«Севилья» ФК

Чили құрамасының 37 жастағы шабуылшысы Алексис Санчес мансабын МЛС-те жалғастырады. Футболшы канадалық «Монреальмен» келісімге келіп, командаға еркін агент ретінде қосылады.

Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, тараптар 2028 жылға дейін келісімшартқа отыруға келіскен. Осылайша чилилік футболшы жиырма жылға жуық өнер көрсеткен еуропалық футболмен қош айтысады. Санчестің Еуропадағы соңғы клубы «Севилья» болды. Ол өткен маусымда команда сапында барлық турнирде 30 матч өткізіп, төрт гол соқты және екі нәтижелі пас берді.

Санчес әр жылдары Испанияның «Барселона», Англияның «Арсенал» және «Манчестер Юнайтед», Италияның «Удинезе» және «Интер» клубтарында, сондай-ақ Францияның «Марсель» командасында өнер көрсетті. Еуропаға аттанғанға дейін чилилік «Кобрелоа», «Коло-Коло» және «Ривер Плейт» клубтарында ойнаған.