«Борнмут» «Севильядан» олимпиада чемпионын қатарға қосты
Бөлісу

«Борнмут» ФК
Ағылшынның «Борнмут» клубы испаниялық қорғаушы Хуанлу Санчеспен келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялады.
Хуанлу «Севилья» академиясының түлегі және 22 жасына дейін негізгі команда сапында 100-ден астам матч өткізген. 2024 жылы ол Парижде өткен Олимпиада ойындарында Испания құрамасы сапында алтын медаль жеңіп алып, олимпиада чемпионы атанды.
«Мен өте бақыттымын. «Борнмутқа» ауысуды бұрыннан қалап жүрдім. Мұнда өзімнің ең үздік ойынымды көрсетуге тырысамын және клуб үшін бар күшімді саламын», – деді Санчес келісімшартқа қол қойғаннан кейін.
Еске салайық, өткен маусымда қорғаушы барлық турнирде 35 матч өткізіп, үш нәтижелі паспен көзге түскен.