«Севилья» «Реал» қақпашысымен күшейді
Бөлісу

«Реал Мадрид» ФК
«Севилья» мадридтік «Реалдың» қақпашысы Фран Гонсалестің ауысқанын ресми түрде жариялады. 21 жастағы голкипер клубпен 2031 жылдың маусым айына дейін келісімшарт жасасты.
Өткен маусымда Гонсалес «Кастилья» сапында 28 матч өткізді. «Реалдың» қосалқы командасымен бірге ол Сегундаға шығу үшін плей-офф кезеңіне дейін жетті. Алайда алғашқы раундта мадридтіктер «Сабадельге» жалпы есеппен 2:3 есебімен жол берді. «Реалдың» негізгі құрамында қақпашы 2024 жылы бір ғана матч өткізген.
Сонымен қатар Гонсалес Испанияның жасөспірімдер және жастар құрамаларында өнер көрсетті. 2024 жылы ол 19 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы Еуропа чемпионатында жеңімпаз атанды.