Абат Аймбетов «Ақтөбеге» қайта оралады

Бегасыл Амирбай ··
ҚФФ

ҚФФ

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Аймбетов мансабын «Ақтөбе» клубында жалғастырады. Форвард Румыния чемпионатындағы өнерінен кейін өз туған клубына қайта оралып отыр.

Amanvibe.kz мәліметінше, 30 жастағы футболшы өзі тәрбиеленген «Ақтөбемен» келісімшартқа қол қояды.

Аймбетов 2013–2020 жылдар аралығында ақтөбелік клуб сапында 124 матч өткізіп, 25 гол соғып, жеті нәтижелі пас берген. Сондай-ақ әр жылдары «Қайрат», «Астана», Ресейдің «Крылья Советов» және Түркияның «Адана Демирспор» клубтарында өнер көрсеткен.

2026 жылдың ақпан айында шабуылшы румыниялық «Петролул» клубына ауысып, ел чемпионатында тоғыз матч өткізіп, бір голмен көзге түсті.

Мансабында ол «Ақтөбе», «Қайрат» және «Астана» құрамында үш мәрте Қазақстан чемпионы атанған. Сонымен қатар Қазақстан Суперкубогын жеңіп алып, «Крылья Советов» клубымен бірге ФНЛ біріншілігінің жеңімпазы болған.

Қазақстан Премьер-лигасының 17 турынан кейін «Ақтөбе» 25 ұпаймен турнир кестесінде жетінші орында тұр.