Басты бет
·
Жекпе-жек түрлері

Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Каирбек Тулегенов ··
Фото: ДРС

Фото: ДРС

Әзербайжанның Баку қаласында дзюдодан әлем чемпионатының төртінші жарыс күні өтіп жатыр.

Қазақстандық Абылайхан Жұбаназар 81 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда Вусал Галанзадарзадемен кездесті. Белдесу негізгі уақытта жеңімпазды анықтамай, golden score кезеңіне ұласты. Қосымша уақытта қарсыласы үшінші ескерту алып, нәтижесінде жеңіс қазақстандық дзюдошыға бұйырды.

Жұбаназар жартылай финалға шығу үшін Оңтүстік Корея өкілі Джун Хван Лимен кездеседі.

Бұған дейін осы салмақтағы тағы бір қазақстандық дзюдошы Жалғас Қайролла сербиялық спортшы Михайло Симичтен жеңіліп, жарысты аяқтаған болатын.