ӘЧ-ның үздік ойыншысы Родри ота жасатады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: RFEF

Фото: RFEF

«Манчестер Сити» клубы мен Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Родри омыртқасынан операция жасатады. Клуб әзірге 30 жастағы футболшының қалпына келу мерзімі белгісіз.

The Athletic мәліметінше, Родриге арқа жарақатына байланысты хирургиялық ота қажет. Операциядан кейін ойыншы оңалту курсынан өтеді, алайда алаңға қашан оралатыны әзірге белгісіз.

ӘЧ турнирінде Испания құрамасының капитаны барлық сегіз матчқа қатысып, командасына 2010 жылдан кейін алғаш рет әлем чемпионы атануға көмектесті. Турнир қорытындысы бойынша Родри мундиальдың үздік ойыншысы атанып, «Алтын допты» жеңіп алды.

Айта кетейік, 2024 жылдың қыркүйегінде тізесінің алдыңғы айқаспалы байламы үзілгеннен кейін Родри денсаулығына байланысты бірнеше қиындыққа тап болды. Өткен маусымда ол сіңір мен шап жарақаттарына байланысты барлық турнирде 33 матч өткізді, оның ішінде Англия Премьер-лигасында 17 ойынға қатысты.