Родри 2026 жылғы әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды

Фото: RFEF
Испания құрамасының капитаны әрі жартылай қорғаушысы Родри 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының үздік ойыншысы деп танылды. Финалдағы жеңістен кейін FIFA оған турнирдің «Алтын доп» жүлдесін табыстады.
Әлем чемпионатының финалында Испания құрамасы қосымша уақытта Аргентинаны 1:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. 30 жастағы жартылай қорғаушы турнир барысында Испанияның барлық сегіз матчына қатысып, олардың бәрін негізгі құрамда бастады. Ал алты кездесуде матч соңына дейін алаңда болды.
Родри әлем чемпионатында ең көп пас орындаған ойыншы атанды. Ол жалпы 803 пас беріп, оның 753-і әріптестеріне дәл жетті. Осылайша, оның пас дәлдігі 94 пайызды құрады. Дегенмен турнир барысында жартылай қорғаушы гол немесе нәтижелі паспен көзге түскен жоқ.
Еске салайық, Испания H тобында бірінші орын алып, плей-офф кезеңінде Аустрияны (3:0), Португалияны (1:0), Бельгияны (2:1), Францияны (2:0) және финалда Аргентинаны (1:0) жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Ал команданың турнирдегі үздік сұрмергені Микель Оярсабаль сегіз матчта бес гол соғып, бір нәтижелі пастың авторы болды.