Ферран Торрес: «Бұл жеңіс тағдырдың жазуымен келгендей сезілді»

Бегасыл Амирбай ··
Фото: RFEF

Фото: RFEF

Испания құрамасының шабуылшысы Ферран Торрес 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентинаны 1:0 есебімен жеңгеннен кейін өз әсерімен бөлісті.

Екінші таймда алаңға қосалқы құрамнан шыққан шабуылшы кездесудегі жалғыз әрі жеңіс голының авторы атанды.

«Меніңше, бұл гол тек мен үшін емес, Испаниядағы 47 миллион адам үшін соғылды. Бұл жетістік тек маған немесе осы жерде отырған 26 футболшыға ғана тиесілі емес. Бүгінгі жеңіс тағдырдың жазуымен келгендей сезілді. Бұл чемпиондық бізге бұйырған екен. Жанкүйерлерімізден жырақта жүрсек те, олардың бізді әрдайым жанынан сезінуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Финалдардың бәрі оңай өтпейді, ал қарсы алдыңда Лионель Месси тұрса, толқу одан сайын арта түседі. Соған қарамастан біз өз ұстанымымыздан, ойын мәнерімізден ешқашан айныған жоқпыз және бүгін соны тағы бір мәрте дәлелдедік», – деді Торрес FIFA-ға берген сұхбатында.

Айта кетейік, Ферран Торрес 2026 жылғы әлем чемпионатында Испания құрамасының сапында барлық сегіз матчқа қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Испания H тобында бірінші орын алып, плей-офф кезеңінде Аустрияны (3:0), Португалияны (1:0), Бельгияны (2:1), Францияны (2:0) және финалда Аргентинаны (1:0) жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Ал команданың турнирдегі үздік сұрмергені Микель Оярсабаль сегіз матчта бес гол соғып, бір нәтижелі пастың авторы болды.