2026 жылғы әлем чемпионаты финалының үздік ойыншысы анықталды

Бегасыл Амирбай ··
ФИФА

ФИФА

Испания құрамасының шабуылшысы Ферран Торрес 2026 жылғы әлем чемпионаты финалындағы Аргентинаға қарсы матчтың (1:0) үздік ойыншысы атанды.

«Барселона» клубының шабуылшысы кездесудің 62-минутында алаңға қосалқы құрамнан шығып, қосымша уақыттың 102-минутында матчтағы жалғыз голды соқты. Дәл осы гол Испанияға жеңіс пен әлем чемпионы атағын сыйлады.

2026 жылғы әлем чемпионатында Ферран Торрес Испания құрамасының сапында барлық сегіз матчқа қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Еске салайық, Испания H тобында бірінші орын алып, плей-офф кезеңіне жолдама алған болатын. Кейін Аустрияны (3:0), Португалияны (1:0), Бельгияны (2:1) және Францияны (2:0) жеңіп, финалда Аргентинаны 1:0 есебімен тізе бүктіріп, әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп, 20 шілдеде өз мәресіне жетті.